Ссылки доступа

Британ музейі Өзбекстанға ұрланған көне зертастарды қайтарады


Британ музейі Самарқандағы Шахи-Зинда мемориалдық кешенінен ұрланған алты зертасты Өзбекстанға қайтарады. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, зертастар биыл қаңтарда Лондондағы Хитроу әуежайында контрабанда ретінде тәркіленген.

Мамандар кеңесінен кейін кірпіштер XIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырда жасалғанын, Самарқандағы Шахи Зинда кешеніне тиесілі екені анықталған.

Өзбекстанның мәдениет министрлігі зертастарды желтоқсанда алып кету жөнінде келісті. Мекеме Британ музейіне ризашылығын жеткізді.

Соңғы он жылда Британ музейі Иракқа, Ауғанстанға, Өзбекстанға және басқа елдерге 2 500-тен астам экспонатты қайтаруға жәрдем берген. 2017 жылы музей Бұхарадағы Чашмаи-Аюб мешітінен ұрланған жұқа күйдірілген қыштарды тауып, орнына қоюға жәрдем берген. Бұл оқиғадан кейін Өзбекстан билігі тергеу жүргізіп, қылмысқа қатысы бар адамдарды жазалаған.

XS
SM
MD
LG