Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары саяси дағдарыстан шығу үшін ұйымдастыру комитетін құрды


Жогорку Кеңеш депутаттары елдегі саяси дағдарысты талқылау үшін жиналуға қайтадан әрекет етіп жатыр. Бұл үшін арнайы ұйымдастыру комитеті құрылғанын депутат Каныбек Иманалиев Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлады.

Оның айтуынша, парламент елдегі саяси дағдарыстан шығудың жолдарын іздеп, сайлау заңдарын өзгертуді жоспарлап жатыр.

Иманалиев Жогорку Кеңештің жиналысында кворум болуы үшін ұйымдастыру комитеті депутаттармен байланысып, отырысқа шақырып жатқанын айтты. Жалпы отырыстың қашан өтетіні белгісіз.

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін саяси дағдарыс туындаған. Парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 6 қазанға қараған түні демонстранттар парламент пен президент аппараты орналасқан "Ақ үйді" басып алды.

10 қазанда парламент кезектен тыс жиналыс өткізіп, абақтыдан босатылған бұрынғы депутат Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындағаны айтылған.

Бірақ бірқатар депутаттар, құқық қорғаушылар бұл жиынды заңсыз деп есептейді.

XS
SM
MD
LG