Ссылки доступа

Ташкентте қораз төбелестіруге қатысқан 124 адам ұсталды


Ташкент облысының Урта-Чирчик ауданында қораз төбелестіруге қатысқан 124 адам ұсталды. Бұл туралы Ташкент облысының милициясы хабарлады.

Хабарларға қарағанда, 9 қазанда түнде құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Уртасарай" махалласындағы жылқы фермасына барған. Олар қораз төбелестірудің үстінен түскен.

Фермада жүзден астам адам болған. Олар карантин талаптарын сақтамаған. Сонымен бірге мұнда заңсыз сауда нүктелері жұмыс істеген.

Милиция жылқы фермасындағы 124 адамды ұстады. Төбелестіру үшін әкелінген қораздар заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Ұсталған азаматтарға эпидемиямен күрес ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір қосымша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.

XS
SM
MD
LG