Ссылки доступа

Түркімен банктері талон енгізді, банкоматтарда ақша жоқ


Очередь перед банкоматом, Ашхабад 
Очередь перед банкоматом, Ашхабад 

Түркіменстанда халықтың экономикалық жағдайы күн өткен сайын нашарлап барады. Халық қолмақол ақшаға зәру.

"Мары уәлаятындағы банкоматтар алдында кезек үзілмейді. Халық 3-4 ай бұрынғы жалақысын, зейнетақысын, өтемақысын, мақта теруден жинаған ақшасын ала алмай тұр", - деп хабарлады Азатлыктың Мары аймағындағы тілшісі.

Оның айтуынша, банкомат алдындағы кезекті тәртіпке келтіру үшін банктер талон енгізген, бірақ одан ешқандай пайда жоқ дейді тұрғындар. "Бүгін Мары қаласындағы Сенагат және Каракум банктері алдында адам көп. Олар өткен аптада алған талон ұстап жүр".

Айта кетерлік жайт, халық талон алу үшін де кезекке тұруға мәжбүр. Талонмен келген күннің өзінде банкте ақша жоқ болып қалады.

"Банк қызметкері бізге тізімде жоқсыңдар деді. Кезекте тұрғандар бұған наразы болды. Олар бір апта бойы күткенін айтты. Қолма-қол ақшасы жоқ халық не істерін білмейді", - деп хабарлады тілші.

Тұрғындардың айтуынша, олар 3-4 айдан бері бір мәрте ғана 400 манаттан шеше алған.

"Бізді де түсініңіздер. Қазір банкте ақша жоқ. Қаражат мақта жинағандардың ақшасын төлеуге кетіп жатыр. Қазір сондай заман", - деп ақталды банктің бір қызметкері.

XS
SM
MD
LG