Ссылки доступа

Өзбекстанда алтын кенін ұрлаған бірнеше адам ұсталды


Жизақ облысы милициясының хабарлауынша, Булакбаши ауылындағы Тангисай тауында заңсыз алтын өндірген бірнеше адам ұсталды.

"1995 жылы туған А.Х. есімді азамат ұсталды. Ол Тангисай тауында алтын өндірген. Булакбакши аулының осы тұрғынынан электр двигателі, перфоратор және 10 келі кен тәркіленді", - делінген хабарламада.

Оның 1977 жылы туған тағы бір ауылдасын милиция алтын кенін заңсыз өндіргені үшін ұстады. Ол да Тангисайдан 10 келі кен өндірген.

Тергеу жүріп жатыр.

Биыл тамыз айында жергілікті БАҚ Навоидағы көне алтын кенінен алтын өндірген бірнеше адам ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG