Ссылки доступа

Қытай Циндао қаласының тоғыз миллион тұрғынын коронавирусқа тексереді


Қытай билігі Циндао портты қаласының барлық тұрғынын апта соңына дейін коронавирусқа тексеретінін хабарлады.

Коронавирус эпидемиясы өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында басталған еді. Қазір Қытайда бұл аурумен ауыратындар аз.

Бұған дейін қытай билігі тамыз айының басында елде бірде-бір науқас тіркелмегенін мәлімдеген. Соған қарамастан мамандар биліктің науқастарды санау әдісіне күмәнмен қарап отыр.

Қытайдың хабарлауынша, 12 қазанда Циндаода 12 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Бұның алдында Ухань билігі қала тұрғындарының бәрін коронавирусқа тексерген. Жаппай тексеру Пекин және Үрімші қалаларында ұйымдастырылды. Сол арқылы қытай билігі вирустың таралуын тежеп, тез арада қалыпты өмір салтына қайта оралды. Қазан айының басында ондаған миллион адам "Алтын апта" мерекесін тойлады.

XS
SM
MD
LG