Ссылки доступа

АҚШ-тың USAGM мұражайында Озоди радиосының қастандықпен өлтірілген тілшісі Искандар Хатлониді еске алады


Искандар Хатлони
Искандар Хатлони

АҚШ-тың ғаламдық БАҚ жөніндегі агенттігінің мұражайында Озоди радиосының тілшісі әрі ақын Искандар Хатлониді еске алу кеші өтеді. Тілшіні 2000 жылы 21 қыркүйекте белгісіз біреулер өлтіріп кеткен.

USAGM-нің мультимедиа бөлімінің жетекшісі Лора Мойидің айтуынша, Хатлонидің бірнеше өлеңі ағылшын тіліне аударылды. Суретшілер сол өлеңдер негізінде арт-портрет салады.

Еске салайық, бұның алдында Искандар Хатлони суреті мен ол туралы мағлұмат USAGM-нің құрмет тақтасына, Вашингтонның жаңалықтар мұражайында (Newseum) жарияланды.

USAGM мұражайында әлемнің түрле елдерінде қастандықпен өлтірілген 200-ден астам журналистің қолжазбаларымен, кітаптарымен, аудиожазбаларымен, естеліктерімен танысуға болады.

Искандар Хатлонии (Идиев) 1954 жылы 12 қазанда Куляб қаласында дүниеге келген. Ресей астанасында оқып жүріп ол "Московское радио" тілшісі қызметін атқарған. Ол "Адабиёт ва санъат" тәжік апталығында, Би-Би-Сидің Парсы қызметінде және Азат Еуропа/Азаттық радиосының Тәжік қызметінде жұмыс істеген. Хатлони Мәскеуде тәжіктердің алғашқы "Мужда" тәуелсіз газетін ұйымдастырды.

XS
SM
MD
LG