Ссылки доступа

БАҚ: Өзбекстан вице-премьері Шухрат Ганиев COVID-19 вирусын жұқтырды


Шухрат Ганиев
Шухрат Ганиев

Өзбекстан премьер-министрінің аграрлық және азық-түлік мәселелері бойынша орынбасары Шухрат Ганиев коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осылай деп жергілікті БАҚ сенімді дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Ферғана облысының бұрынғы әкімі Шухрат Ганиев Ташкенттегі #16 ауруханада емделіп жатыр.

Бірақ бұл жөнінде ресми хабарланбады.

Шухрат Ганиев өткен айда вице-премьер болып тағайындалған. Ол коронавирустан көз жұмған 56 жастағы Уктам Барноевтың орнына келген.

XS
SM
MD
LG