Ссылки доступа

Тәжікстанның жаңа салық кодексі: бап көп, салық аз


Здание Налогового комитета Таджикистана

Тәжік билігінің мәлімдеуінше, жаңа салық кодексі жыл соңына дейін қабылданып, жаңа жылдан бастап мемлекет жаңа салық заңымен жұмыс істейді.

13 қазанда жаңа салық кодексінің мәтіні Озоди радиосының редакциясына түсті. Кәсіпкерлер мен сарапшылар салық заңнамаларын азайту керек десе, жаңа заң жобасында ол одан сайын "ауырлай" түскені байқалады.

Билік жоспары бойынша, кодекс биыл қыркүйек айында күшіне ену керек болған, алайда пандемия үкімет жоспарына кедергі келтірді.

Қаржы министрлігі салық саясаты департаментінің басшысы Завкибек Шохиённің айтуынша, жаңа кодекс мәтіні дайын, қазір оны түзетіп жатыр.

Салық кодексі жобасын дайындайтын комиссия жұмысына сарапшылар, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері қатысқан, олардың пікірі ескерілген.

Жаңа салық кодексінің жобасы 412 баптан, 365 беттен тұрады. Қазіргі кодексте 329 бап бар. Дегенмен жалпымемлекеттік салық 11-ден жетіге дейін азайған.

Қазіргі салық кодексі 2013 жылы қабылданды. Алты жыл бойы оны кәсіпкерлер сынап келеді.

XS
SM
MD
LG