Ссылки доступа

Uzbekistan Airways пандемия кезінде инженерлерді қысқартып жатыр


Коронавирус пандемиясына байланысты Ресей Uzbekistan airways ұлттық әуе компаниясының тұрақты жолаушы рейстеріне әуе кеңістігін ашуға асығар емес.

Сол себепті Uzbekistan airways жұмысы дағдарып қалды, ал әуежайлар білікті инженерлер мен техника мамандарын қысқартып жатыр. "Термез" халықаралық әуежайы қызметкерінің айтуынша, авиация саласында білікті мамандарды қысқарту - бұл саланың тоқырауына әкеп соқтыруы мүмкін.

– Қазір күнде Ташкентке екі рейс қана ұшады. Сонымен бірге Ресейге екі чартерлік рейс шығады. Ұшақтар бұл жақтан бос кетеді, Ресейден мигранттарды алып келеді. Наурызда бізді жарты айлық ақысыз демалысқа жіберген. Авиация инженерлері 600 мың сум (50 доллар) айлыққа күн көруге мәжбүр. Тұрақты рейстер ашылса, жағдай жақсарар деп ойладық, бірақ қысқарту басталып кетті, – деді әуежай қызметкері.

Соған байлантыс қазір елде әуежайларды сату мәселесі күн тәртібіне шықты. "Озодлик" дереккөздерінің хабарлауынша, Ташкент пен Самарқандтағы әуежайларды сатып алғысы келетіндер бар.

XS
SM
MD
LG