Ссылки доступа

АҚШ Ресейге СШҚ-3 келісіміз созуды ұсынды


Старт российской межконтинентальной баллистической ракеты

АҚШ президентінің қарулануды бақылау жөніндегі арнайы өкілі Маршалл Биллингслидің мәлімдеуінше, Ресей өзінің ядролық арсеналын "тоқтатуға" келіссе, онда Құрама Штаттар стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу жөніндегі келісімді созуға дайын.

Америкалық дипломаттың мәлімдеуінше, АҚШ пен Ресей келісімді созуға келісті, дегенмен оның кейбір тұстарын анықтау керек болады.

СШҚ-3 – екі ел арасындағы ядролық қару жөніндегі ең ірі келісім. Оның мерзімі ақпан айында бітеді. Дональд Трамп әкімшілігі ядролық қаруды шектеу келісіміне Қытайдың қосылғанын қалайды. Биллингслидің айтуынша, президент сайлауына үш апта қалғанда, президент әкімшілігі келісім мерзімін Қытайдың қатысуынсыз-ақ созуға дайын. "Біз бұл келісімге отыруға дайынбыз. Шын мәнінде, оны ертең-ақ қабылдай аламыз. Бірақ Мәскеуде оған үлес қосуы керек", – деді Биллингсли.

Ресей және АҚШ келісімін созу мәселесі өткен аптада Хельсинкидегі келіссөздерде талқыланды.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың мәлімдеуінше, АҚШ ұсынысы Мәскеуге қолайсыз. Осылайша ол Биллингслидің тараптар келісімге келді деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

СШҚ-3 келісіміне 2010 жылы Дмитрий Медведев пен Барак Обама Прага қаласында қол қойған.

XS
SM
MD
LG