Ссылки доступа

Қырғызстан мемлекеттік резиденциясында депутаттар төбелесіп қалды


Мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясындағы кезектен тыс жиналыста премьер-министр сайланған соң Жогорку Кенеш депутаттары жұмысын жалғастыруы керек еді.

"Бир Бол" партиясының жетекшісі Алтынбек Сулайманов сайлау заңдарына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын талқылауды ұсынған. Алайда кворум толық болмағандықтан парламент комитетінің төрағасы Канат Керезбеков жиналысты жүргізуден бас тартты.

Жиналыс залындағы депутаттар дауласа бастады, одан соң олар резиденцияның бір бөлмесінде төбелескен. Бұны журналистер камераға түсіріп алды. Мұнда Сулайманов пен Керезбековтан басқа тағы бірнеше депутат болған, солардың арасында Талант Мамытов та бар.

Дегенмен депутаттар төбелес болған бөлмеден шыққан соң Керезбеков пен Сулайманов ешқандай төбелес болған жоқ деп мәлімдеген.

13 қазанда "Бир Бол" фракциясының жетекшісі Алтынбек Сулайманов сайлауға қатысу талаптарын жұмсартуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG