Ссылки доступа

Навальный "Шаритеде" емделуге ақшаны кім бергенін айтты


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный

Ресейлік оппозициянер Алексей Навальный Берлиндегі "Шарите" клиникасында емделу ақысын төлеп берген адамдардың аты-жөнін атады. Бұл туралы ол "Инстаграм" әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

Навальныйдың айтуынша, оның емделуіне 49 900 еуро жұмсалған. Бұл ақшаны кәсіпкер Евгений Чичваркин, экономист Сергей Алексашенко және IT-маманы Роман Иванов төлеген.

Қазір Навальныйдың Германияда қанша уақыт реабилитациядан өтетіні белгісіз. Оның қазіргі Германияда тұрып жатқаны мен емделу шығынын Чичваркин өзіне алған.

Осыған дейін Навальный оның Омск қаласынан Берлинге ұшып келуіне кеткен 79 мың еуроны кәсіпкер Борис Зимин төлегенін айтқан.

20 тамызда Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқан жолда ұшақта саясаткердің жағдайы күрт нашарлап, ұшақ Омбыға қонған болатын. Бастапқыда Навальный Омбы ауруханасына жатқызылды. Екі күннен соң туыстары мен жақтастарының талабымен Берлин клиникасына ауыстырылды.

Франция мен Швецияның тәуелсіз зертханалары да бундесвер зертханасының қорытындысын растап, Навальныйдың "Новичок" тобына жататын удан уланғанын айтты.

Кремль бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеп, Берлинді "бұл істі зерттеуде Мәскеумен бірігіп әріптестік танытпай отыр" деп кінәлап келеді.

Еуропа одағы, Ұлыбритания, және АҚШ Ресейден Навальныймен болған бұл оқиғаны зерттеуді талап етіп, кері жағдайда жаңа санкциялар енгізетінін мәлімдеген.

Алексей Навальный өзіне жасалған қастандықтың артында Ресей президенті Владимир Путин тұр деп есептейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG