Ссылки доступа

Душанбеде ондаған үлескер жеті жылдан бері көп қабатты үйлерді тіркей алмай жүр


Тәжікстан астанасында "Комил-2020" құрылыс компаниясының ондаған үлескері мемлекеттік тіркеуде жоқ көп қабатты үйде жеті жылдан бері тұрып жатқанын айтты.

Душанбе қаласы төрағасының бірінші орынбасары Махмадсаид Зувайдзоданың мәлімдеуінше, "Зарафшон" ауданындағы көп қабатты алты үйді тексеру кезінде көптеген қателік анықталған. "Құрылыс компаниясын қысқа мерзімде қателікті дұрыстауға міндеттедік", - деді ол.

14 қабатты алты үйдің құрылысы 2013 жылы аяқталған, бірақ олар әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеуден өтпеген.

Тұрғындар бірнеше мәрте қала билігіне шағымданған, бірақ олардан нәтиже шықпаған. "Әлі күнге дейін біздің ресми мекен-жайымыз жоқ. Такси, жедел жәрдем шақырта алмаймыз", - тұрғын Зарифмо Торибекова.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үйлерде мәселе көп. "Жертөлелерге су жиналып қалды. Коммуналдық қызметтер оны жөндеуге асығар емес".

Ресми құжаттарға сәйкес, "Комил-2020" компаниясын Сиевуш Зухуруов басқарады. Ол - үкіметтің байланыс қызметінің басшысы Бег Сабуровтың ұлы. Компания он жыл бұрын құм мен шебен өндіретін мекеме ретінде ашылған.

XS
SM
MD
LG