Ссылки доступа

Түркіменстанда халыққа жаппай екпе жүргізу науқаны басталды


Түркіменстанда халыққа жаппай екпе жүргізу науқаны басталды. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшілері хабарлады.

"Қазір денсаулығы қауіп-қатерте тұрған адамдар мен жүкті әйелдерге міндетті түрде вакцина жүргізіп жатыр. Егер тұрғындар екпеден бас тартса, "өзгені жұқтырсам, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынымды білемін" деген қолхат жазып береді. Ал жергілікті билік ол қандай вакцина, атауы қандай, түсіндіріп жатқан жоқ", - дейді тілші.

Қыркүйек айында Түркіменстанда Қылмыстық кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізілген. Оған сәйкес, СПИД және өзге де қауіпті жұқпалы инфекциялық індеттерді саналы түрде жұқтырғандар және емделуден қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ​

Түркіменстан билігі бүгінгі күнге дейін елінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталмады деп мәлімдеп келеді. Бірақ елде жаппай пневмония мен тұмауға шалдыққандар көбеймесе, азайып жатқан жоқ.

"Бүгін балалар ауруханасына үш ана емізулі сәбилерімен түсті. Балалары қатты жөтеледі, дене қызуы жоғары деп шағымданады. Оларды бірден жансақтау бөліміне әкетіп жатыр", - дейді дереккөзіне сілтеме жасаған аймақтағы тілші.

XS
SM
MD
LG