Ссылки доступа

Тәжікстанда COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 80-ге жетті


Тәжікстанда коронавирус құрбандарының саны 80-ге жетті. Соңғы тәулікте тағы бір науқас көз жұмған. Осылай деп бейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметінше, 15 қазандағы көрсеткіш бойынша, COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 10 мың 374 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 38 адамнан індет анықталған. Жалпы 9317 науқас емделіп шыққан. Бұл вирус жұқтырғандардың 89,8 проценті.

Бірақ тәжікстандықтардың дені ресми статистикаға сенбейді.

Тәжікстанда елінде коронавирус инфекциясы анықталғанын 30 сәуірде мойындады. Қазір елде тұрғындарға маска тағу міндеттелген. Егер тақпаса, 290 сомониға дейін айыппұл салынады.

15 маусымнан бастап Тәжікстан карантин режимін жойды. Қазір халық көп жиналатын барлық қоғамдық орындар, ойын-сауық орталықтары ашық.

XS
SM
MD
LG