Ссылки доступа

Ферғанада маска тақпағандарды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтайды


Өзбекстанның Ферғана облысында маска тақпаған тұрғындарды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтайды. Жаңа тәртіп 17 қазанда басталады, деп хабарлады облыстық милицияның баспасөз қызметі.

Жергілікті ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Ферғана облысында медициналық маска тақпағандарды инновациялық технологиялар көмегімен анықтайды.

Азаматтардың кім екені әлеуметті база арқылы белгілі болады. Ішкі істер органдары қызметкерлері толтырған әкімшілік хаттама тәртіп бұзғандарға поштамен жолданады.

XS
SM
MD
LG