Ссылки доступа

Әйелін өлтірген тәжік 11 жылға сотталды


Шукрона Хайдарова. Фото из семейного архива

Тәжікстанның Соғды облысы Айни ауданының соты әйелін өлтірген азаматты 11 жылға соттады.

Айни ауданына қарасты Урметан қышлағының 26 жастағы тұрғыны Шукрона Хайдарованың денесі 4 тамызда кешке өз үйінде асылып тұрған. Марқұмның күйеуінің туыстары әйел өз-өзіне қол жұмсады деп айтқан. Алайда Шукронаның жақындары оған сенбеген.

"Урметан қышлағының тұрғыны Сафиалло Рахмонов екінші әйелі Шукрона Хайдарованы өлтірді деп танылып, 11 жылға сотталды. Сотта ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сафиалло Рахмонов жанжал кезінде қатты ашуланып, әйелін қылқындырып өлтіргенін айтты", - деді Айна ауданы сотының судьясы.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Сафиалло Рахмонов Шукронаға мұсылман салтымен некелескен. Тергеу кезінде Рахмонов екі әйелмен тұрғанын жоққа шығарған. Тәжікстанда екі әйел алушылыққа тыйым салынған.

Шукронаның артында кәмелет жасқа толмаған екі бала қалды. Оларды марқұмның ата-анасы асырап отыр.

XS
SM
MD
LG