Ссылки доступа

Парламент Бішкектегі төтенше жағдай тәртібін алып тастады


Жогорку Кенеш депутаттары 16 қазанда кезектен тыс жиналыста Бішкектегі төтенше жағдай тәртібін алып тастау туралы қаулы қабылдады.

12 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков астанада бір аптаға төтенше жағдай енгізген. Мемлекет басшысының мұндай әрекетіне парламент сайлауынан кейінгі жаппай тәртіпсіздік себеп болған.

15 қазанда Сооронбай Жээнбеков президент қызметінен кетті. Парламент спикері Қанатбек Исаев президент міндеттерін атқарудан бас тартты. 16 қазанда Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында Жээнбеков пен Исаев ресми мәлімдемелерін жариялады. Осылайша президент құзыретін премьер-министр Садыр Жапаров алды.

XS
SM
MD
LG