Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК басшысы: қайта сайлау 20 желтоқсанда өтуі мүмкін


Қырғызстанда парламент депутаттарын қайта сайлау 20 желтоқсанда өтуі мүмкін. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова хабарлады.

Оның айтуынша, президент міндетін атқаратын премьер-министр Садыр Жапаровтың мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына қатысуға құқы жоқ. Мерзімінен тыс президент сайлауы өтетін уақытта Жогорку Кенеш анықтайды. Сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс.

Премьер-министр Садыр Жапаров сайлау заңдарын өзгерту туралы өз пікірін айтты.

"Мен сайлауды бір мандатты жүйе бойынша өткізу дұрыс емес деп есептеймін, өйткені заңда сайлау партия жүйесі бойынша өтетіні жазылған. Егер біз конституциялық реформа жасасақ, онда біз заң аясынан шығып кетеміз. Сайлауқа қатысу межесін төмендету туралы ұсыныстар айтылды, оны өздерің шешіңдер. Менің пікірімше, үш пайыз деген тым төмен болады. Бес пайызға түсіруге болатын шығар. Сайлау кепілқұнын 5 миллионнан 1 млн сомға дейін, ал депутат санын 120-дан 70 немесе 90-ға түсіруді ұсынамын. Бірақ әуелі парламент келіп, конституциялық реформаны сол жүзеге асырса дұрыс болады. Сол кезде бәрі заңмен жасалады", - деді Жапаров Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында

Бішкекте 5 қазанда бір күн бұрын өткен парламент сайлауының нәтижесіне қарсы митинг болды. 6 қазанға қараған түні митингке қатысушылар "Ақ үйді" басып алды, одан соң елде саяси күштердің билікке таласы басталды.

6 қазанда ОСК парламент сайлауының нәтижесін жойды. 15 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қзыметінен кетті, ал парламент спикері Қанатбек Исаев мемлекет басшысы міндеттерін атқарудан бас тартты. Сол себепті президент құзыреті премьер-министр Садыр Жапаровқа көшті.

XS
SM
MD
LG