Ссылки доступа

Мирзияев парамен ұсталған шенеуніктер туралы айтты


15 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев видеоселекторлық жиналыс өткізіп, әкімшілік басшысы орынбасарларының парамен ұсталғанын айтты.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қыбрай ауданы хокимінің орынбасары 35 мың доллар парамен ұсталса, Ташкент әкімшілігі басқармасының басшысы 1,4 миллион доллар парамен, Мархамат ауданы әкімінің орынбасары 29 мың доллармен, Бувайда ауданы хокимінің орынбасары 20 мың доллар парамен қолға түскен.

"Өзбекстан 24" телеарнасының хабарлауынша, шенеуніктер параны кәсіпкерлерден жер телімін тіркеу үшін сұраған.

Ташкент облысы Аққорған ауданы хокимінің рынбасары А.Туймачев пен кадастр басқармасының басшысы И.Қарабаев 18 наурызда Аққорған ауданында 1,5 га жерді 1500 долларға сату кезінде ұсталған.

Бұған қоса, қазанда Ташкент облысы Бостандық ауданы басшысының орынбасары З. Мирзаходжаев аудандағы бес гектар жерді 25 мың долларға сату кезінде қолға түскен.

XS
SM
MD
LG