Ссылки доступа

Собянин: Мәскеуде еңбек мигранттары 40 пайызға азайды


Мәскеу мэрі Сергей Собянин 

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында еңбек мигранттары 40 процентке азайғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Мәскеу билігі Ресейдің басқа аймақтарынан "қол еңбегіне" адамдар тартып жатыр. Собянин "мәскеуліктердің бәрі қолына күрек, сыпырғыш алуға дайын емес" дейді.

Ресей астанасында 12 миллионға жуық адам тұрады. ТМД елдерінен келіп-кетіп істеген мигранттарды есепке алғанда, жалпы саны 15 миллионға дейін барады.

Жыл басындағы Ресейдің ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша елде 750 мыңдай қырғызстандық миграцияда жүрген. Оларды отбасымен қоса есептегенде, жалпы саны бір миллионнан асады. Олардың басым бөлігі Мәскеу мен Мәскеу облыстарында тұрады.

Сарапшылардың есебі бойынша, пандемия басталғаннан бері Қырғызстанға Ресейден 70-100 мыңға жуық мигрант қайтқан.

Қазір Ресейде эпидемиологиялық жағдай күшейіп жатыр. Бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асып, жалпы вирус анықталғандар саны 1 миллион 400 мың адамға жетіп, 24 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG