Арнайы қызмет мәліметі бойынша, тергеу органдары Матраимовқа жақын араласқан қырық шақты адамның жемқорлық әрекеттерге қатысы барын анықтаған.
"Олардың қайда екені анықталды. Күдіктілердің жемқорлық әрекеттерге қатысқанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр" делінген арнайы қызмет хабарламасында.
Сотқа дейінгі тексеру аясында Кеден мемлекеттік қызметінің жұмысы да тексеріліп жатыр. Жемқорлық әрекеттерінен бюджетке қанша шығын келгені есептеледі.
16 қазанда премьер-министр Садыр Жапаров қырғызстандықтарға 700 млн долларды Қырғызстаннан шығару туралы іске "нүкте қоюға" уәде берген. Оның мәлімдеуінше, "басты күдікті Матраимов пен басқа да жемқорлар заң бойынша жазасын алады".
14 қазанда ол күдікті Райымбек Матраимов елден қашып кеткенін журналистерге айтқан.