Ссылки доступа

Журналист Бобомурод Абдуллаевқа президент Мирзияев Ташкенттен пәтер сыйлады (видео)


Журналист Бобомурод Абдуллаевқа Ташкенттен үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы журналист 18 қазанда Facebook'тегі парақшасында жазды.

Абдуллаевтың айтуынша, пәтерді оған президент Шавкат Мирзияев атынан сыйға тартқан.

"8 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Миромонұлы Мирзияев маған Ташкенттегі Green Park кешенінен үш бөлмелі пәтер сыйлады. Пәтерде барлық тұрмыс техникасы бар. Біз бұл үйге 5 қазанда көшіп бардық. Бүгін анам Хорезмнен қонаққа келіп, президент сыйлаған жаңа үйді көрді. Альхамдулиллах! Президент Шавкат Мирзияевқа көп рахмет! Алла разы болсын!", деп жазды журналист.

Бұның алдында, 8 тамызда Бобомурод Абдуллаевты Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өзбек тарапының ресми сұрауы бойынша ұстап, 22 тамызда оны Өзбекстанға экстрадициялады.

Абдуллаев 22 тамызда босатылды. Оны Ташкентте арнайы қызмет сегіз сағат тергеген.

Бірақ оқан қатысты іс әлі аяқталған жоқ. Журналиске қандай айып тағылғанын Өзбекстан билігі ресми түрде хабарламады.

Журналистің хабарлауынша, Бішкекте оны "Қора Мерган" лақап атымен жазылған материалдар үшін ұстаған. Бобомурод бұл айыпты жоққа шығарған.

Бобомурод Абдуллаев 2017 жылы Өзбекстан конституциялық құрылымын құртуға әрекеттенді деген айыппен ұсталып, 2018 жылы мамырда сот залынан босатылған.

XS
SM
MD
LG