Ссылки доступа

Өзбекстан келесі жылы коронавирусқа қарсы күреске 290 млн доллар бөледі


2021 жылы Өзбекстан денсаулық саласына 20 триллион сум (1,9 млрд доллар) бөледі, оның ішінде коронавирусқа қарсы күреске 3 трлн сум (290 млн доллар) және дәрі-дәрмек алуға 1,8 трлн сум (174 млн доллар) қарастырылған. 

Бұл жөнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өткен видеоселекторлық отырыс кезінде, 2021 жылдың мемлекеттік бюджетін талқылау барысында айтылды.

Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджетті жоспарлаған кезде, келесі жылы да созылатын, әлемдік экономика белсенділігін түсіретін пандемияны да есепке алуымыз тиіс деп атап өткен.

Келесі жылы ісік, қан ауруларын зерттеу іліміне 90 млрд сум (8,6 млн доллар) бөлінетіні белгілі болды. Оның ішінде қан тазартуға мұқтаж науқастарға бірінші рет 130 млрд сум (12,5 млн доллар) бөлінбекші.

Бұдан бөлек 2021 жылы пандемия тұсында әлеуметтік шығындарды биылғы жылға қарағанда 15 процентке көбейту жоспарланған.

Мектептерге интернет қосу үшін бірінші рет мемлекет бюджетінен 100 млрд сум (9,6 млн доллар), компьютерлік құрал-жабдық сатып алуға 200 млрд сум (19,2 млн доллар) бөлінбекші.

Тұрмысы төмен отбасыларды көмек көрсету үшін бөлінетін қаржы 2020 жылға қарағанда екі есеге көбейген.

2021 жылы бірінші рет жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 30 млрд сум (2,9 млн доллар) бөлінгелі отыр.

XS
SM
MD
LG