Ссылки доступа

Тәжікстан: әскерге шақыру еріктілер есебінен 80 пайызға орындалды (видео)


Көрнекі сурет

Тәжікстан қорғаныс министрлігі күзгі маусымда әскерге шақыру еріктілер есебінен 80 процентке орындалды деп мәлімдеді. Бірақ жергілікті тұрғындар балаларын әскерге мәжбүрлеп алып кеткенін айтып жатыр.

23 жастағы Хатлон облысы Яван ауданының тұрғыны Баходур Барпиевтің әке-шешесі әскери комиссариат қызметкерлері ұлын армияға күштеп алып кеткенін айтады. Айтуынша, оқиға 13 қазанда болған. Ата-анасының түсіріп жіберген видеосына қарағанда, әскери киімдегі адамдар жас жігітті үйінен күштеп шығарып, көлікке мінгізіп алып кетеді.

"Моего сына силой увезли в армию"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

Яван ауданындағы әскери комиссариат басшысы Шахоб Мирзоев Озоди радиосына Баходур Барпиевке осыған дейін де шақырту қағазы жіберілгенін, бірақ ол әскери комиссариатқа келмегенін айтты. Осыдан кейін оны алдыртуға милиция жасағын жіберуге мәжбүр болған.

Алайда Баходур Барпиевтің әкесі Тошмад шақырту қағазы келмеді дейді.

Бұл тұста Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадалиев армияға заңсыз жолмен алып кетті деген ешқандай арыз-шағым түспегенін жеткізді.

Тәжікстанда 18-27 жас аралығындағы ер азаматтарды әскерге шақыру науқаны жылына екі рет - көктемде және күзде жүргізіледі.

XS
SM
MD
LG