Ссылки доступа

Фиджиде қытай мен тайвань дипломаттары төбелесіп қалған


Тынық мұхиттағы Фиджи аралында Тайвань ұлттық мерекесін атап өту кезінде қытай дипломаттары мен тайвань мемлекеттік қызметкерлері арасында төбелес болған. Бұл жөнінде Тайвань істер министрлігі хабарлады.

"Сыртқы істер министрлігі (СІМ) заңды өрескел бұзып отырған Фиджидағы Қытай елшілігі қызметкерлерін айыптайды", – деп мәлімдеді мекеменің баспасөз хатшысы Джоан Оу.

Оқиға 8 қазан күні кешкісін Тайвань ресми өкілдігі ұйымдастырған қабылдау кешінде болған.

Екі қытай дипломаты жергілікті саясаткерлер қатысқан жиынды суретке түсірмек болған. Фиджи полициясы қытай дипломаттарын қабылдаудан кетуін сұраған. Арты төбелеске ұласқан. Бір адам жараланған, ол ауруханаға жеткізілген.

Фиджи республикасындағы Қытай елшілігі бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.

Тайвань Қытай материгінен 1949 жылы азаматтық соғыстан кейін бөлініп шықты. Бірақ әлемнің 15 елі ғана оның тәуелсіздігін мойындады. Тайвань Тынық мұхитындағы төрт елмен ресми дипломатиялық қарым-қатынаста.

Ресми Бейжің Тайваньға қысым жасап келеді.

XS
SM
MD
LG