Ссылки доступа

Пашинян мен Алиев келіссөзге дайын, бірақ әрқайсысы өз дегенінде тұр


Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеуде Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты бейбіт келісімге келуге дайын екенін жеткізді.

Пашинян өзінің ұстанымын ТАСС агенттігіне берген сұқбатында жеткізді. Ереван Таулы Қарабақ мәртебесін халықтың өзі шешуі тиіс деп отыр.

Ильхам Алиев та ТАСС агенттігіне сұқбат беріп, жанжалды реттеу үшін келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді. "Біз де бейбітшілікті қалаймыз, бірақ Армениядан ерекшелігіміз, заң бойынша өзімізге тиесілі жерімізді өзімізде қалғанын қалаймыз", - деді ол.

"Новая газета" жазуынша, мойындалмаған Таулық Қарабақ әскері 729 сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеген. Әзербайжан болса, нақты қайтыс болғандар санын жарияламады.

XS
SM
MD
LG