Ссылки доступа

Өзбекстан білім министрлігі студенттерді аудиторияға қайтаруды көздейді, бірақ студенттерге қашықтан оқыған ұнайды


19 қазанда Өзбекстанның білім министрлігі студенттер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізе бастады. Зерттеуге қатысқандардың дені қашықтан оқуды қалаған.

Студенттер аудиторияда оқыған жағдайда, коронавирус жұқтырып алам ба деп қауіптенеді. Білім министрлігінің өкілі жоғары оқу орындарында оқу формасына қатысты шешімді сауалнама нәтижесі негізінде қабылдайтынын мәлімдеді.

Өзбек студенттерін аудиторияға қайтару туралы жоспар 17 қазанда өткен үкімет отырысында айтылған. Екі күннен соң министрлік өзінің Telegram-арнасында онлайн-сауалнама жүргізе бастады.

– Ташкентке оқуға барсам, жатақхана іздеу кере болады. Екі айдан соң демалыс басталады. Тағы да шығын. Карантиннің кесірінен әкем жұмыссыз қалды. Олардың мені астанаға сабаққа жіберетін ақшасы жоқ. Аудиторияда пандемия аяқталған соң оқу керек, - дейді хорезмдік студент.

Әлуметтік желі қолданушылар да биліктің бұл жоспарын сынады.

"Жастар арасында өлім көбейгенін қалай ма? Студенттердің ата-аналары қазір қиналып отыр. Коронавирустан емделу ауыр тиіп жатыр", - деп жазды Facebook қолданушы @Барногул_Санакулова.

Өзбекстандағы 125 жоғары оқу орнының студенттері қазір онлайн-форматта оқып жүр. Биыл наурызда түрлі аймақтардағы 80 мың студент үйге қайтты, ал білім мекемелерінің ғимараттары коронавирус орталықтарына айналды.

XS
SM
MD
LG