Ссылки доступа

Куляб қаласының бұрынғы басшысына алты айып тағылды


Бахром Иноятзода
Бахром Иноятзода

Тәжікстанда Хатлон облысы сотының хабарлауынша, Куляб қаласының бұрынғы басшысы Бахром Иноятзодаға алты түрлі айып тағылған.

Иноятзоданы қауіпсіздік органдарының қызметкерлері биыл маусым айында ұстаған. Тергеушілердің айтуынша, сол кезде оған қызмет бабын асыра пайдаланды, екі әйел алды деген айыптар тағылған. Жақында оның екі әйел алғаны дәлелденбей, істе пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану баптары қалған. Күдіктінің туыстары шенеунікке жала жапты деп отыр.

Тағылған айыптар дәлелденсе, Куляб қаласының бұрынғы басшысы 20 жылға дейін түрме жазасын алуы мүмкін.

Тергеу органдарының мәлімдеуінше, Иноятзода қала басқарып тұрған уақытта туыстарына кезектен тыс жер берген, тағы бірнеше адамға жер бергені үшін пара алған.

Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон бұрынғы шенеуніктің "жерге қатысты заңнамаларды өрескел бұзғаны үшін" қатаң жазаланатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG