Ссылки доступа

Қырғызстан Жоғарғы соты билікті басып алуға талпынды деген айыппен сотталған премьер-министр Жапаровты ақтады


Қырғызстанның Жоғарғы соты президент қызметін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаровты, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевті және депутат Талант Мамытовты ақтап шықты. Олар алдын билікті күшпен басып алуға талпынды деген айыппен сотталған.

"Жоғарғы сот алқасы 2012 жылы билікті күшпен басып алуға талпынды деп айыпталғандардың ісін қайта қарады. Садыр Жапаров қылмыс құрамы жоқ екеніне байланысты ақталды", - деп хабарлады сот.

Сот бұл істі 16 қазанда қараған. Жоғарғы сот 2013 жылы 17 маусымда Бішкек қалалық сотының ақтау үкімін күшінде қалдырды.

"Онымен бірге депутат Талант Мамытов пен ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев", – деп хабарлады сот.

Жоғарғы сот Бішкек қалалық сотының 2013 жыл 17 маусымда шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырған.

"Онымен бірге депутат Талант Мамытов пен ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталды", – делінген сот мәліметінде.

Жапаров, Мамытов және Ташиев 2012 жылы қазанда митингке шығып, "Құмтөр" алтын кенін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті. Бір топ адам Ақ үй қақпасынан асып өткенімен, ғимарат ішіне кіре алмады. Саясаткерлер ұсталып, билікті күшпен басып алуға талпынды деген айыппен бір жарым жылға сотталды.

2013 жылы қазанда Қаракөл қаласында жаппай тәртіпсіздік болды. Митингіге шыққандар Ыстықкөл облысының басшысы Эмильбек Каптагаевты кепілге алды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысты Садыр Жапаровқа айып тағылды, бірақ ол елден қашып кеткен еді. 2017 жылы елге оралған саясаткер ұсталып, ол 11 жыл алты айға сотталды.

Биыл 6 қазанға қараған түні парламент сайлауының нәтижесіне наразы топ Садыр Жапаровты босатып алды. Одан соң парламент саясаткерді премьер-министр қызметіне бекітті. Жақында ол ҰҚМК басшысы қызметіне Камчыбек Ташиевті тағайындады.

XS
SM
MD
LG