Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің 45 "Авента-М" жасанды тыныс алу аппаратын лақтырып тастады


Аппарат искусственной вентиляции лёгких "Авента-М"

АҚШ Ресейдің биыл сәуір айында сыйлаған 45 "Авента-М" жасанды тыныс алу аппаратын жойды. Бұл туралы BuzzFeed АҚШ-тың төтенше жағдайды реттеу жөніндегі федералдық агенттігіне (FEMA) сілтеме жасап хабарлады.

Аппараттар нақты қашан жойылғаны белгісіз. Мамыр айында FEMA ресейлік аппараттарды қолданбағанын хабарлаған еді. Оның үстіне, дәл осындай аппараттар Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі екі ауруханада өрт шығуына себеп болған.

Ресейдің жасанды тыныс алу аппараттары басқа да медициналық заттармен бірге АҚШ-қа жеткізілген. Кремль оларды гуманитарлық көмек деп атаған. Кейін АҚШ билігі жүктің көп бөлігінің құнын төлегені мәлім болды.

Жасанды тыныс алу аппараттары Орал зауытында шығарылған. Оған "Ростех" компаниясының қатысы бар. Бұл аппараттардың АҚШ-қа жеткізілуі сұрақ туғызды, өйткені компания америкалық санкция тізіміне енген.

XS
SM
MD
LG