Ссылки доступа

Абхазияда қалып қойған өзбек мигранттары далаға түнеуге мәжбүр (видео)


Абхазия-Ресей шекарасында отанына орала алмай тұрып қалған жүздеген өзбек мигранты далада түнеуге мәжбүр. Өзбекстан СІМ мен Ресейдегі елшілік әзірге азаматтардың үніне жауап қатпай отыр деп жазады жергілікті БАҚ өзбек мигранттарының сөздеріне сілтеме жасап.

Сұрхандария өңірінің тумасы Ренат Юсупов қазір Абхазияда шамамен 2 мыңға жуық өзбек азаматы бар дейді. Олар Ресейден сонда жұмыс істеуге барған. Пандемияға байланысты шекара жабылып қалғанда, өзбек азаматтары сонда қалып қойған.

Жергілікті басылымның мәліметінше, Өзбекстан СІМ 400 азаматын қазан айында алып кетеміз деп уәде берген екен. Бірақ 19 күн өтті, олар далада түнеп жүр деп жазады.

Абхазиядағы мигранттар Мәскеу және Ростовтағы Өзбекстан елшілігіне үндеу жасаған. Бірақ әлі күнге дейін жауап алмаған.

Олар отанына қайту үшін Ресей арқылы өтуі тиіс. Қазір онда тек Ресей мен Абхазия азаматтарына ғана шекарадан өтуге рұқсат етілген.

28 қыркүйекте бір топ өзбек мигрантының Абхазиядан Өзбекстанға транзиттік көлік ұйымдастыруын сұраған үндеуі жарияланған еді.

XS
SM
MD
LG