Ссылки доступа

Тәжікстанда коронавирус салдарынан туризм саласы зардап шегіп жатыр


Жыл сайын Гиссар қорғанына ондаған мың турист баратын
Жыл сайын Гиссар қорғанына ондаған мың турист баратын

Тәжікстанда коронавирус салдарынан туризм саласы зардап шегіп жатыр. Соңғы тоғыз айда бұл елге 355 мың шетелден турист барған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 62 процентке аз.

Душанбеде қонақ үйлердің біразы жабылған, енді біразы жартылай бос тұр. Озоди тілшісі Душанбедегі төрт бірдей қонақ үйге барған еді. Олардың бәрі жабық болып шықты.

Тәжікстанда жалпы 200-ге жуық қонақ үй мен хостел, 44 демалыс орны мен бірнеше туристік база бар. Туризм саласын дамыту жөніндегі комитет мәліметі бойынша, 2019 жылы елге 1,3 миллион шетел азаматы турист ретінде барған.

Тәжікстанда шамамен 215 туристік компания жұмыс істейді. Пандемия кезінде көбі қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болған.

5 маусымда тәжік үкіметі COVID-19 вирусының әсеріне байланысты туризм секторын 1 қыркүйекке дейін салықтан босатқан. Туризм саласының мамандары қазір "салық демалысы" аяқталғанымен, туристер саны аз деп отыр.

XS
SM
MD
LG