19 қазанда елдің бас бақылау органы International Consulting Group платформасының жетекшілері Алексей Мэнге және А.Молотягинге қарсы 33 шағым келіп түскенін мәлімдеді.
Шағымда азаматтар International Consulting Group компаниясына инвестиция салғанын, бірақ алданып, материалдық шығынға ұшырағанын жазған. Мекеме өкілі арыз негізінде "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас прокуратураның бақылауына алынғанын жеткізді.
Мәліметке қарағанда, Өзбекстанның 29 жастағы азаматы Алексей Мэн International Consulting Group платформасын құрып, 2 мыңнан астам адамнан 1,7 миллион доллар жинап алған.
Алексей Мэн мен А. Молодягинге халықаралық іздеу жарияланды. Олар 2019 жылы желтоқсанда компания жұмысын тоқтатып, жинаған ақшаны шетелге шығарып, қашып кеткен.