Ссылки доступа

Қашқадарияда GTL Enter Engineering компаниясының мыңдаған жұмысшысы ереуілге шықты (видео)


21 қазанда Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданындағы GTL Enter Engineering компаниясының 12 мыңға жуық жұмысшысы ереуілге шықты.

Ереуіл барысында түсірілген видеода зауыттың 5 мыңға жуық жұмысшысы зауыт ғимаратына шабуылдап жатқан сәті бейнеленген.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, зауытқа Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Өзбекстан ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы жіберілген.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді. Видеодан кеңсе еденіндегі қан іздерін байқауға болады. Зауыт әкімшілігі ғимаратындағы техникалар сынған. Ғимарат ішінде заттар шабылып жатыр.

Жетекші мен менеджерлер отыратын бөлмелерде жиһаздар сынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар зауыттағы тамақ сапасына, айлықтың кешігуіне наразы болған.

GTL Enter Engineering - аймақтағы инновациялық өндірістердің бірі, мұнда синтетикалық сұйық отын өндіріледі.

XS
SM
MD
LG