Ссылки доступа

Бішкекте қала басшысы қызметіне Нариман Тюлеевтің тағайындалуына қарсы митинг өтті


Бішкек қаласы әкімшілігі ғимаратының алдына жиналған азаматтар Нариман Тюлеевтің қызметтен кетуін талап етті.

Тюлеев бұның алдында астана басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған, ал Азиз Суракматов қызметтен кеткен соң қала басшысы қызметін атқаруды міндетіне алған.

Митингіге қатысушылар оның бұл қызметке тағайындалуы заңсыз деп есептейді. Жиынға Тюлеевті жақтаушылар да қосылып, жаңа басшыға қолдау білдірді.

Нариман Тюлеев ғимарат алдына жиналғандармен кездесуге шықты. Ол президент қызметін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаровпен кездесіп, соның рұқсатымен қызметтен кетуге дайын екенін айтты.

Тюлеев әкімшілік ғимаратына кіріп кеткен соң, бір топ адам ішке кіруге талпынды, бірақ оларды Тюлеев жақтастары тоқтатты. Ғимараттағы тәртіпті милиция қызметкерлері бақылап тұр.

XS
SM
MD
LG