Ссылки доступа

Ресейде еңбек мигранттарының азаюынан жұмыс күші жетіспей жатыр


Ресейде негізінен мигранттар жұмыс істейтін компаниялардың 40 процентіне жұмыс күші жетіспей жатыр. "Ведомости" газеті Стратегиялық жетілдіру орталығының зерттеуіне сүйеніп осындай мәліметтер жариялады. Әсіресе, курьер мен такси жүргізушілері тапшы.

Сауалнамаға қатысқан жұмыс берушілердің 40 проценті мигранттарды жұмысқа алу арқылы, ақша үнемдейтінін жеткізген. 35 проценті оларды ресейліктерден гөрі жұмысты жақсы істейді деген. 19 проценті мигранттар жұмыстан өз еркімен сирек кетеді деп жауап берген.

Жұмыс берушілер мигранттарды жұмысқа алуда бюрократиялық қиындықтар бар екенін айтқан. Бұл туралы сауалнамаға жауап бергендердің 37 проценті атап өткен. Енді 27 проценті мигранттардың тұратын жайы мен көлігіне қосымша шығындалатынын жеткізген.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жақын уақытта компаниялардың 15 проценті жаңа жұмыс күшін қажет етеді. Әсіресе, қазірдің өзінде курьер мен такси жүргізушілері жетіспей жатыр екен.

Осыған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин астанада биыл мигранттар саны 40 процентке қысқарғанын айтқан. Ол қыста, қар тазалау жұмысы кезінде біраз қиындықтар болуы мүмкін екенін ескертіп, Ресейдің шалғай аймақтарында тұратын адамдарды жұмысқа тарту мәселесін қарастырып жатқанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG