Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық банкі валюта нарығында доллар тапшылығын айтты


Тәжікстандағы бизнес қауымдастық Ұлттық банкке валюта саясатын қайта қарауды ұсынып жатыр. Кері жағдайда, елде азық-түлік тапшылығы болатынын ескертеді.

Тәжікстанның Ұлттық банкі валюта нарығында америкалық доллар жетіспейтінін мойындады. "Соңғы 9 айда долларға сұранысты өтеу үшін несие ұйымдарына 104 млн доллар бөлінді" дейді Ұлттық банк өкілі.

Мекеме мәліметінше, ішкі нарықта доллар тапшылығы импортқа тәуелділікке байланысты. Елде импорт көрсеткіші экспортқа қарағанда 3 есеге немесе 960 млн долларға көп. Әдетте көктемде және қыста шетелдік валюта тапшылығы күніне 8-25 млн долларға жетеді.

Жергілікті кәсіпкерлердің бірі шетел валютасының жетіспеуі Ұлттық банк саясатына байланысты екенін жеткізді.

"Біз шикізатты шетелден әкелуіміз тиіс. Ұлттық банк доллар сатудан бас тартып жатыр. Алғашқы жарты жылдықта еңбек мигранттары 999 млн доллар аударғаны айтылды. Былтыр 2,5 млрд доллар аударылған. Тағы бір миллиард экспорттан түседі. Тұтастай 3,5 млрд доллар болады. Импортқа 3 млрд доллар кетеді, 500 млн доллар елде қалады. Сонда долларға тапшылық қайдан шығып жатыр?", - дейді кәсіпкер.

Жергілікті эксперттер болса, доллар жетіспеуін каптиалдың сыртқа шығарылуымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG