Ссылки доступа

Чехии коронавирус пандемиясы күшеюіне байланысты локдаун енгізеді


Чех үкіметі коронавирус жұқтырғандар күрт көбеюіне байланысты карантин тәртібін күшейтті.

Премьер-министр Андрей Бабиштің 21 қазандағы баспасөз конференциясында мәлімдеуінше, екінші санаттағы сауда нүктелері жабылады, адамдардың жүріп-тұруы шектеледі. Карантин талаптарын күшейту кем дегенде 3 қарашаға дейін қабылданды.

"Біз ең алдымен азаматтардың өмірін сақтауымыз керек", - деп мәлімдеді Бабиш.

20 қазанда Чехияда 11 984 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 10,7 миллион тұрғыны бар ел үшін бұл рекордтық көрсеткіш. Чехияда коронавирустан 1 739 адам қайтыс болды.

Ауруханалар коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін бос орын дайындап жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Роман Примуланың мәлімдеуінше, пандемияның шарықтау шегі 11 қарашаға қарай тіркеледі деп болжанған.

XS
SM
MD
LG