Ссылки доступа

Қырғызстанда парламент сайлауын кейінірек өткізуді ұсынды


Жогорку Кенештегі "Республика–Ата Жұрт" фракциясының депутаты Талант Мамытов парламент сайлауы өтетін уақытты өзгертуді қарастыратын заң жобасын талқылауға ұсынды.

"Саяси және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз дұрыс жол таңдауымыз керек. Ортақ шешімге келу үшін уақыт қажет. Конституцияға өзгеріс енгізу үшін уақыт керек. Сол себепті біз осындай заң жобасын ұсындық, қазір оны талқылаймыз", - деді Мамытов.

Оның айтуынша, заң жобасын оннан астам адам ұсынған, олардың арасында фракция жетекшілері де бар.

"Ата Мекен" жетекшісі Өмірбек Текебаев заң жобасына қол қойғанын растады.

4 қазанда өткен сайлау нәтижесіне наразылық Бішкек пен басқа да қалаларда қарсылық акциясын туғызды. Саяси дағдарыста сайлау нәтижесі жойылды, президент, парламент спикері және үкімет басшысы қызметтен кетті.

21 қазанда Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайлауды 20 желтоқсанға белгіледі.

XS
SM
MD
LG