Ссылки доступа

Тәжікстанның Худжанд қаласында ойын-сауық орталықтары жабылды


Худжанд қаласында ойын-сауық орталықтары коронавирусқа байланысты жабылып жатыр. Қала билігі мұндай орталықтарда санитария талаптары сақталмайды деп мәлімдеді.

"Ойын-сауық орталықтарының иелері қаланың коронавируспен күрес жөніндегі штабының кеңестерін орындамаған" делінген Худжанд қаласы әкімшілігі таратқан мәлімдемеде.

Жұма күні "Хваканта", "Опера", "Амнезия", "Парламент", "Шоми Сугд", "Очил", "Ёсуман" және "Барбарос" ойын-сауық орталығы жабылды. Қала басшылығы шешімінің орындалуын милиция бақылайды.

Соғды облысында, әсіресе Худжанд қаласында жағдай қиын, дейді мамандар. Коронавируспен ауыратын науқастардың жарымы үйлену тойларында ауру жұқтырған делінеді.

"Адамдар тәртіп сақтамаса, біз үйлену тойларына тыйым саламыз", - деп мәлімдеген қала басшысы.

Ресми мәлімет бойынша, пандемия басталғалы бері Худжанд қаласында 4650 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG