Ссылки доступа

Қырғызстан базар қауымдастығы: Саудагерлер тауарларын ала алмай отыр


Қырғызстандағы кәсіпкерлер мен жүк тасушылар коронавирус пандемиясы басталғалы бері тауарларын ала алмай отыр. Бұл туралы экономика министрінің кәсіпкерлермен кездесуінде Базарлар қауымдастығының басшысы Дамира Долоталиева мәлімдеді.

"Қытай шекарасы жабылып қалған соң, біз бес айдан бері тауар ала алмай отырмыз. Күн өткен сайын жағдай ушығып барады. Кәсіпкерлердің несиесі бар, саудагерлер мен жүк тасушылардың жағдайы қиын. Сізден шекарадан жүк өткізуге рұқсат беріп, тауарымызды алуға көмектесуді сұраймыз", - деді ол.

Экономика министрі Санжар Муканбетов бұл мәселені қытай тарапымен талқылауға уәде берді.

Қырғызстанның сыртқы айналымы биыл қаңтар-тамыз айларында 3,5 млрд доллар болған. Ол өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 22,1 пайызға төмендеген. Импорт 31,6% түссе, экспорт 3,5 пайызға көтерілген.

XS
SM
MD
LG