Ссылки доступа

"РИА Новости": Қырғызстан ресейлік Кант әуе базасын кеңейтуге дайын


Ресейден не Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымнан (ҰҚШҰ) ұсыныс түсетін болса, ресейлік Кант әуе базасын кеңейтуге дайынбыз. Осылай деп Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев "РИА Новости" агенттігіне берген сұқбатында айтқан.

"Ал Кант әскери базасына қатысты, біздің ұстанымыз тұрақты. Қол қойылған келісім қайта қаралмайды", – деді ол.

Қырғызстан СІМ ресми сайтында бұл ақпарат жайында мәлімет жоқ.

14 қазанда елдің президент міндетін атқарушы әрі премьер-министр Садыр Жапаров ресейлік әуе базаға қатысты келісім шарт қайта қаралмайды деген.

Қырғызстандағы ресейлік базға төрт нысан кіреді: "Кант" әуе базасы, Қаракөл қаласындағы сынақ базасы, Чалдовар ауылындағы байланыс орталығы және Майлуу-Суу қаласындағы автономды сейсмикалық бекет.

2012 жылы Қырғызстан мен Ресей аталған нысандарды біріктіріп, ресейлік база деп атауға келіскен.

2019 жылы Ресей президентінің Қырғызстанға барған сапары кезінде жаңартылған келісімге қол қойылған. Аталған құжатқа сәйкес, Канттағы әуе базаның көлемі 58,32 гектар жерге ұлғайды. Осыған сәйкес, жалға беру құны да 4,5 млн доллардан 4,79 млн долларға өскен.

XS
SM
MD
LG