Ссылки доступа

АҚШ: дүйсенбіде Таулы Қарабақта бітім күшіне енеді


Майкл Помпео мен Әзербайжан СІМ басшысы

Бұл туралы АҚШ, Армения және Әзербайжанның ортақ мәлімдемесінде айтылады.

Осыған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Армения және Әзербайжан СІМ басшыларымен кездескен.

Тараптар қазанда екі рет бітімге келгенін жариялаған. Бітімгерлік кездесудің бірі Мәскеуде өткен. Бірақ келісім шарттары сақталмады.

Жексенбіде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Губадлы қаласының босатылғанын мәлімдеген.

Егер бұл ақпарат рас болса, бұл 1990 жылдардың басынан бері армян күштерінің бақылауында болып, қыркүйекте басталған күрестен кейін Әзербайжан қолына өткен төртінші аудан орталығы болып қалады. Бұл аудандардың бәрі Таулы Қарабақ аймағынан тысқары жайғасқан.

XS
SM
MD
LG