Ссылки доступа

Өзбекстанда бір жылда кем дегенде 14 жекеменшік университет құрылады


2021 жылдың 1 қыркүйегіне қарай Өзбекстанның әрбір аймағында кем дегенде бір жекеменшік жоғары оқу орны ашылады.

Бұл туралы білім министрінің орынбасары Узокбой Бегимкулов баспасөз конференциясында хабарлады.

Министрліктің ресми хабарламасында елде нақты қанша жекеменшік университет ашылатыны айтылмаған.

Ташкент қаласы мен Қарақалпақстан Республикасында, сонымен бірге 12 облыста бір жоғары оқу орнынан ашылса, онда бір жылда кем дегенде 14 жекеменшік университет құрылуы тиіс.

Өзбекстанда жекеменшік оқу орындары ашылатыны екі жыл бұрын хабарланған.

XS
SM
MD
LG