Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК: президенттікке кандидаттарды ұсыну 15 қарашада аяқталады


Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов мерзімінен бұрын ұйымдастырылатын сайлау қашан өтетінін айтты.

Оның мәлімдеуінше, президент қызметтен уақытынан бұрын кеткен жағдайда Жогорку Кенеш бір апта ішінде жаңа президент сайлауын жариялауы тиіс, бірақ олай болмады, яғни сайлау автоматты түрде белгіленген деп саналды.

"Одан соң ОСК екі күн ішінде сайлау өтетін күнді анықтауы тиіс. Сол ережеге сүйенген комиссия президент сайлауын 10 қаңтарға белгіледі. 15 қарашада кандидаттарды ұсыну аяқталады. Оны саяси партиялар мен азаматтар ұсына алады. Әзірге ешқандай ұсыныс түспеді", - деді Бекматов.

Оның айтуынша, ОСК 7 желтоқсанға дейін кандидаттардың құжаттарын қабылдайды. Бұған қоса, кандидаттар кем дегенде 30 мың қол жинап, оны комиссияға 3 желтоқсанға дейін тапсыруы тиіс.

XS
SM
MD
LG