Ссылки доступа

Өзбек билігі карантин талаптары күшейтіледі деген ақпаратты жоққа шығарды


Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 қарашадан бастап карантин талаптары күшейтіледі деген ақпарат - жалған.

"Әлеуметтік желілерде биыл қараша айынан бастап карантин шаралары күшейтіледі екен деген қауесет тарады. Халық арасында үрей туғызатын жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланатынын ескертеміз", - делінген министрлік мәліметінде.

Өзбекстанда биыл наурыз айында енгізілген карантин талаптары 15 тамыздан бастап жұмсара бастады.

26 қазандағы мәлімет бойынша, елде 65 480 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 62 615 науқас жазылып шыққан.

Республикада коронавирустан кем дегенде 550 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG