Ссылки доступа

Садыр Жапаров президент сайлауына қатысу үшін өкілетінен бас тартатынын айтты (видео)


Қырғызстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров президент сайлауына қатысуды жоспарлайды. Нарын облысы тұрғындарымен кездесуде ол осылай деп мәлімдеген. Кездесуден түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

В Кыргызстане решают, когда пройдут выборы и в какой форме. Ничего не ясно
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

"10 қаңтарда президент сайлауы өтеді. Желтоқсан айының басында өкілетімнен бас тартып, сайлауға қатысамын. Сайлауға қарапайым азамат ретінде қатысамын. Өтіп кетсем президент боламын, өтпесем қарапайым азамат ретінде қаламын" деді Садыр Жапаров.

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін елде саяси дағдарыс орнаған. Сайлау нәтижесін жоюды талап еткен наразылық акциясының соңы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар президент аппараты мен парламент отырған "Ақ үйді" басып алды. Ізінше Бішкекте түрлі саяси күштер арасында тартыс күшейді. Соның нәтижесінде орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін жойды, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Үкімет жетекшісі ретінде таңдалған саясаткер Садыр Жапаровқа президент міндетін атқару да жүктелді.

Осыған дейін Садыр Жапаров "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында президент міндетін атқарушы адам сайлауға қатыса алмайды, ал егер парламент заңнамаға тиісті өзгеріс енгізсе, сайлауға қатысуға дайын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG