Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы жанжал шықты (видео)


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңындағы тұрғындар арасында 25 қазанда тағы жанжал шықты. Бұл жолы жанжалға себеп болған су құбыры болды.

Қырғыз шекарашылары оқ атқан. Бірақ ешкім жараланбаған.

На границе Кыргызстана и Таджикистана новый конфликт из-за водопровода
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 25 қазанда қырғыз-тәжік шекарасындағы Баткен ауданы Үч-Дөбө ауылында тәжік азаматтары ауыз су жеткізу үшін су құбыры құрылысын жүргізген. Қырғызстан шекарашылары белгіленбеген аймақта құрылыс жүргізуге болмайтынын ескерткен. Бірақ тәжік азаматтары оларды тыңдамаған. Шекарашылар ескерту ретінде әуеге оқ атқан.

Тәжікстан билігі болса, су құбыры жүргізіліп жатқан аймақ тәжік жері екенін мәлімдеді. Елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі қырғыз шекарашыларының әрекетін "кезекті арандатушылық" деп атады.

"Хожа Ало ауылы тұрғындарының арасында атылған оқтан зардап шеккендер жоқ. Жанжал дер кезінде тоқтатылды. Тәжікстан мен Қырғызстанның мемлекеттік билік органдары өкілдерінің қатысуымен келіссөз жүріп жатыр", - делінген тәжік тарапы таратқан мәлімдемеде.

История конфликтов на границе Таджикистана и Кыргызстана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:16 0:00

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның жалпы қашықтығы – 970 шақырым. Оның 504 шақырымына делимитация және демаркация болған. Қалған белгіленбеген аймақтар дауға себеп болып келеді.

XS
SM
MD
LG